Facebook Youtube booking.com

   karat

   

   «Карат» ЖШС - өз қызметін 1996 жылы бастаған қазақстандық компания. Компанияның қызметі - әлеуметтік инфрақұрылымға  мынадай қызметтер көрсету болып табылады:

  •   Қонақ үй қызметі,
  •  Асхана және тамақпен қамтамасыз ету  
  •   Жатақхана беру,
  •   Кір жуу қызметтері,
  •  Кеңселер, наубайхана, дүкен қызметтері, демалысты ұйымдастыру – сауна, тренажер залы, бассейн және т.б
  •  

    «Карат» ЖШС қазіргі уақытта тікелей ТШО-ның тапсырыстары бойынша жұмыстарды орындауда. Бүгінде «Карат»ЖШС мынадай қызметтердің  ауқымды спектрін ұсынады:

  • Тұрғын жайды ұйымдастыру, тұрғынжай беру, тамақтандыруды ұйымдастыру,
  • жол құрылысы, жөндеу және техникалық қызмет көрсету,
  • бетон жұмыстары, су тазалау жұмыстары, суды қайта өңдеу,
  • теміржол перрондарын жөндеу,бойлерді демонтаждау, қақпаларды монтаждау,
  • газқұбырларын ауыстыру, гипскартон өндірісі, Авто отын толтыру стансасы,

   Компания серіктестері тарапынан жоғары сенімділік танытудың айқын дәлелі- ТШО- мен Мастер контракт бекіту болып табылады. Компания кадрларды іріктеу мен персоналдарды оқытуға ерекше мән береді.

   Қызметкерлеріміздің денсаулығы мен қауіпсіздік техникасын сақтау, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызмет «Карат»ЖШС-нің негізін қалайтын құндылықтары болып табылады.

   «Карат»ЖШС-нің жұмыстары мен қызметтерінің барлық түрлері  біздің тапсырысшыларымыздың Қауіпсіздік техникасы, Денсаулықты сақтау, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарын қатаң сақтай отыра, жергілікті тиісті және халықаралық реттеуші органдардың ережелері мен нормаларына сәйкес орындалады.

    Аталмыш факт Тапсырысшылар тарапынан жүргізілген аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша жоғары көрсеткіштермен расталады.

 «Карат»  ЖШС  персоналдарының кәсіби шеберлігі, қажетті жабдықтар мен өзі өндіретін өнімін ұштастыра отырып,  сенімді серіктес ретінде әрқашан беделін сақтап жүр. Компанияның бәсекелік ерекше артықшылығы - Тапсырысшылардың қандай-ма мүддесі болсын, кез-келген күрделі жұмыстарды жүзеге асыра білуі, сондай-ақ жаңа өнімдер мен идеяларды табуға мақсаттылығы.