Facebook Youtube booking.com

                     ITS

      

   1994  жылдан бастап «Теңізшевройл»ЖШС-нің ресми мердігері болып табыламыз. Бүгінде «Инжтехсервис» ЖШС Теңіз, Королев және Қарашығанақ кен орындарындағы мұнай-газ өндіру  мен өңдеу объектілеріндегі монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары саласында мынадай бағыттар бойынша көшбасшы болып танылды:

   Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика (БӨА және А), жылу, желдету және ауаны кондиционерлеу, электрохимиялық қорғаныс, жүккөтеру механизмдері, механика және электр жұмыстары.

    «Инжтехсервис» ЖШС-нің сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі бойынша жұмыстар жасауға №000372 мемлекеттік лицензиясы бар.

   «Инжтехсервис» ЖШС сапаны  басқару жүйесі  ИСО 9001 халықаралық стандартына сәйкестікке СQS сапасын сертификаттау бойынша Қауымдастығымен сертификатталған.

   «Инжтехсервис» ЖШС  Теңіз мұнай және газ кен орындарында –КТЛ-1, КТЛ-2, «Train5» «12 Бағдарлама» күкіртті түйіршіктеу, ЗСГ және ПВП;  ГП-2 және КПК Қарашығанақ газконденсатты кен орны; КТК-К құбыр консорциумының «Теңіз», «Атырау»  және «Үлкен Шаған» сорғы стансасы. Бұл жобада біз электржабдықтың, БӨА және А, өрт және газ анықтау жүйелері, ОВиКВ және ЭХЗ монтажы мен қосу-реттеуі бойынша жұмыстар атқардық.

   «Инжтехсервис» ЖШС-дегі кәсіптің негізгі салалары:

*ГПЗ және Мұнай кәсіпшіліктеріндегі қолданыстағы 110 кВ кернеуге дейін отандық және шетелдік электржабдықтың монтажы мен іске қосу –реттеуі;

*Өрт сигнализациясы мен өртке қарсы автоматика жүйелерінің монтажы, іске қосу-реттеу мен пайдалану

*Ауаны желдету және кондиционерлеу жүйесінің монтажы мен іске қосу-реттеу жүйесі.

*Желдету қондырғыларын санитарлық-гигиеналық эффектіге паспорттау

*Жүккөтеру механизмдерін жөндеу, реттеу, сынау және техникалық куәландыру

*Катодтық қорғаныс станасаларын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету

* Катод қорғанысы жай-күйінің мониторингі  (DCVG)

*  Желдету қондырғыларының, агрегаттарының, ауамен салқындату аппараттарының және сорғы-компрессор жабдықтарының  вибрациялық сипаттамаларын, желдету сипаттамаларын өлшеу мен талдау(мониторинг)

* Жұмысшы персоналға өнеркәсіптік вибрацияның зиянды әсер деңгейін өлшеу