Facebook Youtube booking.com

                ap-nafta

 

   

   «Ап-Нафта Оперейтинг» ЖШС қазақстандық компания Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Кемеркөл кен орнында шикі мұнай мен ілеспе газды барлау мен өндірумен айналысады. Жақын елді мекен - Мұқыр кен орнынан 24 км жерде орналасқан.

   Алғашқы рет қара алтын кені бұл жерде 1991 жылы табылған. API (Америкалық мұнай институты) деректері бойынша Кемеркөлдегі мұнай тығыздығы 863 тен 977 кг/см3 дейін өзгереді. Азкүкіртті мұнай -0,9 %, аз парафинді мұнай-1,28 % құрайды. 3000С  дейінгі фракция шығысы 13%-дан аспайды.

   Кен орнының дәлелденген қорлары С1 категориясы бойынша -8,7 млн. мұнай баррелі, С2 категориясы бойынша - 7,8 млн. мұнай баррелі.

 «Ап-Нафта Оперейтинг» ЖШС Қазақстанның мұнай және газ саласында тиімді де тұрақты қызмет ететін компания болуға ниетті.

   Компанияның корпоративтік стратегиясы мұнай мен газдың жаңа қорларын өндіру мен өсіру көлемін көбейтуге құрылған. Біз  әрқашан еліміздің экономикалық өсуіне, оның әлеуметтік тұрақтылығы мен гүлденуіне ықпал етуге ұмытыламыз. Біздің негізгі мақсатымыз қызметкерлердің денсаулығы пен еңбек қауіпсіздігін сақтау, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.

 

   Ресми сайт: apno.kz